«№10 орта мектебі» КММ-де 5–6 сынып оқушыларына арналған зооантропоноздық инфекциялар тақырыбына алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар зооантропоноздық аурулардың не екенін, олардың жануарлардан адамға қалай жұғатынын және денсаулықты сақтау үшін қандай алдын алу шаралары қажет екенін білді. Әсіресе бруцеллез, сібір жарасы және құтыру сияқты ауруларға ерекше назар аударылды.
Оқушылар жануарлармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын түсінді.
Білім мен өз денсаулығына ұқыпты қарау — әр адамның қауіпсіздігінің кепілі!