«№10 орта мектебі» КММ—де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Кездесуде мектепті дамыту, оқушылардың оқуын және тәрбие үдерісінің жағдайын жақсарту бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Барлық кеңес мүшелеріне белсенді қатысқандары және конструктивті ұсыныстары үшін алғысымызды білдіреміз!
2025 жылғы 22 қазанда Риддер қаласының Мәдениет сарайында әкімнің орынбасары Е.Қ.Ошақбаевтың төрағалығымен онколог-дәрігер М.К.Халыковтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.
Кездесудің тақырыбы адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация болды — онкологиялық аурулардың алдын алуда және өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ата-аналар және қамқоршылық кеңестердің өкілдері қатысты. Қатысушыларға вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ оның балалардың денсаулығын қорғаудағы рөлі атап өтілді.
#Риддер #Вакцинация #ҰлтДенсаулығы#АПВ#Алдын алу#Мәдениет сарайы #Риддерәкімдігі# БалалардыңДенсаулығы
18 қазан күні «№10 орта мектеп» КММ - де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
- Кеңес төрағасы мен хатшысын сайлау;
- Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Отырыс аяқталған соң Кеңес мүшелері мектеп директоры Кузнецова А.Ю. - мен бірге мектеп аумағын және ғимараттың мәселелі нүктелерін аралап, келесі жылға арналған бюджеттік өтінімге ұсыныстар әзірледі.
Мектеп игілігі үшін белсенділік танытқан және бірлесе жұмыс істеген барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңес өз жұмысын іске асырады.
Мектептің қамқоршылық кеңесінің құрамы 9 адам.
- Қамқоршылық кеңесінің төрайымы-Гильдерман Галина Михайловна
•Фисенко Виктория Викторовна
•Тамилова Юлия Александровна
•Ибраева Гульзира Кежебековна
•Колганова Виктория Александровна
•Янтер Ирина Алековна
•Разенкова Юлия Юрьевна
•Иванова Светлана Петровна
•Рудакова Елена Владимировна
Мектептің қамқоршылық кеңесі оқушылар үшін бірыңғай оқу-тәрбие кеңістігін қалыптастыруда отбасы мен мектептің күш-жігерін біріктіруге ықпал ететін жағдайлар жасау, сондай-ақ білім беру процесін және қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруға, білім беру процесіне барлық қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал ететін қаржылық, материалдық-техникалық мәселелер үшін қоғамдық басқару нысандарын енгізу мақсатында жұмыс істейді.
Мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысы мектептің материалдық жағдайын жақсартуға және оқушылар мен олардың отбасыларына атаулы көмек көрсетуге көмектеседі. Қамқоршылық кеңес мүшелері «Мектепке баратын жол» акциясын дайындау кезінде жылдан жылға үлкен көмек көрсетіп келеді. Олардың қолдауымен кеңсе құралдары жиналды.
Барлық демеушілік қызмет Қамқоршылық кеңес арқылы өтеді және бекітілген шешімдердің орындалуын тікелей Қамқоршылық кеңес мүшелері бақылайды. Келешекте ЕББҚ (ерекше білім беру қажеттіліктері) бар балаларға ерекше назар аудара отырып, осы кеңестің қызметін білім беру процесінде кеңейту жоспарланып отыр.