ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№10 орта мектебі» КММ-де 1–4 сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелері бойынша сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар жолда қауіпсіз жүрудің негізгі ережелерін, жол белгілері мен бағдаршам дабылдарының маңызын еске түсіріп, мұқият жаяу жүргінші болудың қаншалықты маңызды екенін білді.
Сынып сағаттары қызықты әрі танымдық түрде өтіп, оқушыларға тағы бір мәрте: жолдағы қауіпсіздік — әр адамның жауапкершілігі екенін түсінуге көмектесті!