ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№10 орта мектебі» КММ-нің 6 «В» сыныбында «Жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғау керек» тақырыбына оқушылардың қауіпсіздігі бойынша сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар жеке ақпаратқа ұқыпты қараудың маңызын, интернетті қауіпсіз пайдаланудың жолдарын және алаяқтық пен киберқауіптерден қорғануға көмектесетін ережелерді білді.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өмірден мысалдар келтіріп, маңызды қорытынды жасады: цифрлық қауіпсіздік әр қолданушының жауапкершілігі мен мұқияттылығынан басталады