«№10 орта мектебі» КММ - де 5 «А» сыныбында «Жүз жол - сенің бір жолың» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс - шара барысында оқушылар мамандықтар әлемі туралы білімдерін кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығы мен еңбектің адам өміріндегі орнын түсінді.
Оқушылар арасында түрлі мамандықтар бойынша ұйымдастырылған сайыс ерекше қызығушылық тудырды. Мектеп оқушылары өңіріміздегі сұранысқа ие мамандықтарды атап, болашаққа деген армандарымен бөлісті.
Сынып сағатының қорытындысында оқушылар әр адам өз өмірінде өз орнын тауып, еңбегі арқылы айналасына қуаныш сыйлауы қажет деген маңызды ой түйді.