«№10 орта мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» айлығы аясында 7–11 сынып оқушылары үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен бірыңғай құқықтық сағат өтті.
Іс-шара барысында бейнематериалдар көрсетіліп, өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты - жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті, жауапкершілікті және заңға деген құрметті қалыптастыру.