"№10 орта мектебі" КММ-де "Өз іс-әрекеттерің үшін жауапкершілік" тақырыбына сынып сағаттары, сондай-ақ "Адал Азамат" бағдарламасы аясында қауіпсіздік сабақтары өтті.
Сынып сағаттары барысында оқушылар саналы мінез-құлықтың маңыздылығын, өз іс-әрекеттері үшін жауап бере білу және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін талқылады. Осындай кездесулер оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарын, құқықтық мәдениетін және өзіне әрі қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Біз саналы, адал әрі лайықты азаматтарды тәрбиелейміз!