Шығыс Қазақстан облысының аумағында 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында өтетін «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 5 «А» - сынып оқушыларымен түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Кездесу барысында мереке күндері құқық бұзушылықтардың алдын алу, пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.