ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК - ның емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Нұржан Құмарқанұлы Мұқажановпен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы - 9-сынып оқушыларына арналған жыныстық тәрбие сабағы. Әңгіме барысында репродуктивті денсаулық, жеке жауапкершілік, өзіне және болашағына саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыру мәселелері қозғалды. Осындай кездесулер жасөспірімдердің сенімді әрі кәсіби ақпарат алуына, дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыруына және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.