ШҚО білім басқармасы «№10 орта мектебі» КММ-нің 9 «В» сыныбында «Сенім және жеке қарым-қатынас» тақырыбына сынып сағаты өтті.
Әңгімелесу барысында оқушылар достықта, отбасында және құрдастармен қарым-қатынаста сенімнің маңызын талқылап, өзара құрмет, қолдау көрсету және салауатты жеке қарым-қатынас орнату туралы пікір алмасты. Оқушылар өзгелердің сезімін түсінуге, шынайылық пен қарым-қатынастағы жауапкершілікті бағалауға үйренді.
Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің маңызды өмірлік құндылықтарын, қарым-қатынас мәдениетін және бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға көмектеседі.