7 сәуірде «№10 орта мектебі» КММ-де 1–11 сынып оқушыларына арналған Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір салты — табысты болашақтың негізі» тақырыбына бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, күн тәртібі және өздерінің эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу маңыздылығы туралы әңгімелесті. Сондай-ақ денсаулықты сақтауға және алға қойған мақсаттарға жетуге көмектесетін пайдалы әдеттер талқыланды.
Біз сенеміз: денсаулық — ең басты құндылық әрі бақытты, табысты болашақтың берік негізі!