«№10 орта мектебі» КММ—нің 1–6 сыныптарында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер есімі — ел есінде» тақырыбына сынып сағаттары өтті
Сабақ барысында оқушылар еліміздің тарихындағы ерлікке толы оқиғалармен танысып, Отан қорғаушыларды еске алды.
Оқушыларға әсіресе «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі» атты деректі фильм ерекше әсер қалдырды
Фильмді көру арқылы оқушылар батырлықтың, жанқиярлықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызын тереңірек түсінді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты, тарихқа деген құрметті және халқымыздың қаһармандық өткеніне деген мақтаныш сезімін қалыптастырады