Сабақ барысында оқушылар жолдағы қауіпсіздік ережелерін қайталап, жол белгілері мен бағдаршам сигналдарының маңызын еске түсірді. Сондай-ақ жолдан дұрыс өту және жаяу жүргінші ретінде мұқият болу керектігіне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, жол қозғалысы ережелерін сақтау - өмір мен денсаулықты сақтаудың басты кепілі екенін түсіндіреді.