«№10 орта мектебі» КММ - де сынып сағаттары дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды.
Дүниежүзілік еріктілер күні аясында мектепте осы күнге арналған сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар еріктілер қозғалысының даму тарихымен, табысты еріктілік бастамалардың үлгілерімен және еріктілердің шабыттандыратын оқиғаларымен танысты. Бұл балалардың игі істердің маңызын түсінуіне және өз бастамаларын танытуға ықпал етті.
Сонымен қатар мектепте балалар жарақаттануының алдын алуға және әртүрлі қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету ережелерін үйретуге бағытталған қауіпсіздік сабақтары да өткізілді.