ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№10 орта мектебі» КММ-нің 6 «В» сыныбында «Менің отбасым — менің тірегім» тақырыбына сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар отбасылық құндылықтар, сүйіспеншілік, қолдау және өзара түсіністік туралы әңгімелесті. Оқушылар өз жақындары туралы қызықты оқиғалармен бөлісіп, отбасылық дәстүрлер жайында айтып, отбасы әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылық деген қорытындыға келді.
Сынып сағаты жылы әрі әсерлі ортада өтіп, баршаға туған жандардың қадірі мен отбасы бірлігінің маңызын тағы бір мәрте еске салды