«№10 орта мектебі» КММ 1-сыныптарда «Мамандықтар әлемі» тақырыбында сынып сағаттары өтті
Сабақ барысында бірінші сынып оқушылары әртүрлі мамандықтармен танысып, дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші және басқа да мамандардың еңбегі туралы білді. Оқушылар өздерінің болашақ мамандық туралы армандарымен бөлісіп, белсенді түрде әңгімеге қатысты.
Сонымен қатар «Көктем мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында қауіпсіздік сабақтары өткізілді
Оқушыларға су маңында өзін дұрыс ұстау ережелері, әсіресе мұздың еру кезеңіндегі қауіпсіздік талаптары еске салынды.
Мұндай сабақтар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, қауіпсіз және жауапты мінез-құлық негіздерін қалыптастыруға көмектеседі