«№10 орта мектеп» КММ-нің 5 «Б» сыныбында «Әлеуметтік желілер: қауіпсіздіктің негізгі ережелері» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сабақ барысында оқушылар әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, жеке деректерді қорғау және интернетте жауапты мінез-құлық таныту мәселелерін талқылады.
Сынып сағаттары интерактивті форматта өтті: балалар мысалдар келтіріп, мүмкін болатын қауіптерді талқылап, онлайнда қауіпсіз әрекет ету ережелерін үйренді.
Интернеттегі қауіпсіздік — әркімнің сенімділігі мен тыныштығының кепілі!