«№10 орта мектебі» КММ—нің 9 «Б» сынып оқушылары 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында қазақтың даңқты ұшқышы, Қазақстанның Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың өмірі мен ерлігіне арналған фильмді тамашалады
Фильмді көру арқылы оқушылар соғыс жылдарындағы әйелдердің батылдығы, табандылығы және жанқиярлығы туралы тереңірек мағлұмат алды.
Көргендерін талқылау барысында оқушылар кейіпкердің қайсар мінезі мен Отанға деген шексіз адалдығына ерекше тоқталды
Осындай іс-шаралар өткеннің ерлігін ұмытпауға, тарихқа құрметпен қарауға және жас ұрпақтың отаншыл сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді