ШҚО білім басқармасы «№10 орта мектебі» КММ-нің 8 «А» сыныбында «Құқық, зайырлылық және теңдік» тақырыбына сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар адам құқықтары мен міндеттері, зайырлы қоғамның маңызы және ұлтына, көзқарасына, сеніміне қарамастан адамдар арасындағы теңдік қағидаттары туралы маңызды мәселелерді талқылады. Оқушылар айналасындағылардың пікірін құрметтеуге, қазіргі қоғамдағы әділдік пен толеранттылықтың құндылығын түсінуге үйренді.
Осындай кездесулер азаматтық жауапкершілікті, құқықтық мәдениетті және бір-біріне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.