«Заң мен тәртіп» айлығы аясында «№10 орта мектеп» КММ 5-сынып оқушылары арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында интерактивті викторина өткізілді.
Ойын станциялар бойынша ұйымдастырылып, оқушылар келесі бағыттар бойынша тапсырмалар орындады:
жол қозғалысы ережелері
өрт қауіпсіздігі
интернет қауіпсіздігі
баланың құқықтары мен міндеттері
«Стоп-опасность», «Юные защитники», «Стражи безопасности» командалары белсенділік, ұйымшылдық және жақсы білім деңгейін көрсетті
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық командаларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Іс-шара қызықты әрі танымдық форматта өтіп, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.