«№10 орта мектебі» КММ-де 1–11 сынып оқушыларына арналған Ғарышкерлер күніне орай сынып сағаттары өткізілді!
Оқушылар адамзаттың ғарышты игерудегі алғашқы қадамдарын еске түсіріп, ғаламды зерттеудегі ұлы жаңалықтар мен жетістіктер тарихымен танысты. Сондай-ақ елімізді әлемге танытқан ғарышкерлер туралы әңгімелесті.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақты армандауға, білімге ұмтылуға және өз мүмкіндіктеріне сенуге шабыттандырады!