«№10 орта мектеп» КММ-де 1–11 сынып оқушыларына арналған «Еңбекқорлық және оның жетістікке әсері» тақырыбында сынып сағаттары өтті
Кездесу барысында оқушылар еңбекқорлықтың әр адамның өміріндегі маңызы, табандылық пен жауапкершіліктің алға қойған мақсаттарға жетудегі рөлі, сондай-ақ еңбектің тұлға қалыптастырудағы орны туралы талқылады.
Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларымен және өмірлік мысалдарымен бөлісті. Нәтижесінде, еңбекқорлық болашақ жетістіктердің негізі екеніне көз жеткізді.
Бүгін құндылық қалыптастырсақ — ертең табысқа жетеміз!