«№10 орта мектебі» КММ—нің 1–7 сынып оқушыларына арналған «Буллингтің алдын алу жолдары» тақырыбына сынып сағаттары өтті
Сабақ барысында оқушылар буллингтің не екенін, оның не себептен туындайтынын және оны дер кезінде танудың маңыздылығын талқылады. Әсіресе, бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар қиын жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін, кімге көмек сұрап жүгінуге болатынын және сыртта қалмай, бейжай қарамаудың қаншалықты маңызды екенін білді.
Осындай кездесулер мектепте әрбір оқушы өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінетін, достыққа негізделген жағымды орта қалыптастыруға ықпал етеді