Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының табиғат бөлімінің маманы Э.М.Есимбаева «№10 орта мектебі» КММ-нің 1–4 сынып оқушыларымен танымдық мұражайлық кездесулер өткізді. Іс-шаралар интерактивті форматта өтіп, біздің өңірде мекендейтін құстарға арналды.
Кездесу барысында оқушылар құстардың алуан түрлілігімен танысып, олардың тіршілік ерекшеліктері, мекен ету ортасы және табиғаттағы маңызы туралы қызықты мәліметтер алды. Танымды әңгімелер, көрнекі материалдар және балалардың белсенді қатысуы сабақтарды әсерлі әрі есте қаларлық етті.
Осындай кездесулер балалардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыруға және қоршаған әлемге деген танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.