Іс-шара барысында оқушылар алғыс айту, құрмет пен өзара көмек көрсетудің маңызы туралы әңгімелесті. Оқушылар өздерінің ата-аналарына, ұстаздарына, достарына және өмірімізді жақсартуға үлес қосып жүрген барлық жандарға ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында алғыс айту, мейірімділік пен бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастырып, мектеп ұжымындағы достық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.