Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары есірткі заттарының адам денсаулығына әсерін, тәуелділіктің қалыптасу қаупін, сондай-ақ тыйым салынған заттарды сақтау және тарату үшін көзделген құқықтық жауапкершілікті талқылады.
Саналы таңдау жасау, жеке жауапкершілік пен өз болашағын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сол күні қауіпсіздік сабақтары да ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қайталау және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.
Осындай іс-шаралар салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуға және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Болашақ бүгінгі дұрыс шешімдерден басталады
Денсаулық пен қауіпсіздік - табысты өмірдің негізі