Сабақ барысында оқушылар мектепте, үйде және көшеде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қайталап, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді талқылады. Сондай-ақ өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және сақтықтың маңыздылығы айтылды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!