18 қазан күні «№10 орта мектеп» КММ - де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
- Кеңес төрағасы мен хатшысын сайлау;
- Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Отырыс аяқталған соң Кеңес мүшелері мектеп директоры Кузнецова А.Ю. - мен бірге мектеп аумағын және ғимараттың мәселелі нүктелерін аралап, келесі жылға арналған бюджеттік өтінімге ұсыныстар әзірледі.
Мектеп игілігі үшін белсенділік танытқан және бірлесе жұмыс істеген барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!