Оқушылар қысқы Олимпиада ойындарының тарихымен танысып, алдағы жарыстар, қысқы спорт түрлері және олимпиадалық қозғалыстың дәстүрлері туралы мәлімет алды. Сондай-ақ Олимпиаданың негізгі құндылықтары — достық, құрмет, әділ бәсеке және жеңіске ұмтылу жайында пікір алмасты.
Сынып сағаты оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, спорттық жетістіктерден шабыт алуға және спорттың бүкіл әлем халықтарын біріктіретінін тағы бір мәрте түсінуге мүмкіндік берді.
Мықтыларға жанкүйер болып, өз жеңістерімізге бірге ұмтылайық!