ШҚО халқын жер сілкінісі кезінде әрекет етуге даярлау айлығы аясында 10 «Б» сынып оқушыларымен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық сағат өткізілді.
Оқушылар төтенше жағдайлар, соның ішінде жер сілкінісі кезінде халықты хабардар ету тәсілдерімен, сондай-ақ дабыл чемоданының құрамымен және оның шұғыл жағдайлардағы маңызымен танысты.
Қауіпсіздік ережелерін білу — өмір мен денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы