Тақырыбы: «Ойыншықтар мен үйдегі қауіпсіздік»
Бүгін кішкентайлар үйде жалғыз қалған кезде де қалай қауіпсіз болу керектігін үйренді. Балалар мына маңызды ережелерді талқылады:
- отпен ойнамау
- дәрілердің дәмін татып көрмеу
- розеткаларға қол тигізбеу
- ашық терезелердің жанында абай болу
Барлық сабақтар ойын түрінде және көрнекілікпен өтті - бұл балаларға маңызды ережелерді жеңіл есте сақтап, үйде мұқият болуға көмектеседі.