22 қаңтарда 6 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті (АПҚО аясында).
«Қазіргі әлемдегі жасөспірім: алаңдататын белгілер және қорғау жолдары»
Кездесу жасөспірім тәрбиесі мен оның жас ерекшеліктеріне байланысты ашық диалог түрінде ұйымдастырылды. Отбасындағы, мектептегі, интернеттегі және қоғамдағы жасөспірімнің рөлі, оны қорғау және қолдау мәселелері талқыланды.
ІІ тоқсанның қорытындылары шығарылды. Сынып жетекшісі мектеп ережелері, сыртқы келбеті және гигиена туралы еске салды. Ата-аналар үй тапсырмасын орындау мәселелері бойынша сауалнамаға қатысты. Жиын соңында барлық қатысушыларға отбасылық бала тәрбиесіне арналған жадынамалар ұсынылды. Рефлексия жүргізіліп, ата-аналар өз пікірлерін білдірді.
Сынып жетекшісі — А.С.Баянбаева
Ата-аналарға белсенділік, ашықтық және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз!