Туберкулез — ауа-тамшылы жолмен жұғатын жұқпалы ауру, көбінесе өкпені зақымдайды.
Негізгі белгілері:
2 аптадан астам жөтел, әлсіздік, тәбеттің және салмақтың төмендеуі, түнгі тершеңдік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұсының ауыруы.
Алдын алу:
салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту, жеке гигиена және флюорографиядан тұрақты өту.
Ерте тексерілу ауруды дер кезінде анықтауға көмектеседі. Белгілер байқалса — дәрігерге көрініңіз.
Денсаулығыңызды қорғаңыз!