Туберкулез: әр адам білуі тиіс!
Туберкулез — ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалы ауру. Көбінесе өкпені зақымдайды және ұзақ уақыт бойы білінбей өтуі мүмкін.
Туберкулездің алғашқы белгілері:
2 аптадан астам жөтел
әлсіздік, тез шаршау
тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту
түнгі тершеңдік
дене қызуының көтерілуі
кеуде тұсының ауыруы
Алдын алу — ең тиімді қорғаныс:
салауатты өмір салты
дұрыс тамақтану және күн тәртібін сақтау
тұрақты дене белсенділігі
зиянды әдеттерден бас тарту
жеке гигиена ережелерін сақтау
флюорографиялық тексеруден жүйелі түрде өту
Флюорография туберкулезді ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.
Алғашқы белгілер байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.