Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Telegram» мессенджерінде «URPAQ VKO» чат-ботын құруды бастамашылық етті. Бұл чат-бот балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен буллинг фактілерін жедел анықтауға арналған.
Аталған чат-бот арқылы кез келген адам, соның ішінде кәмелетке толмағандар да, шұғыл көмек сұрауға, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызы бар ақпаратты жолдауға құқылы.
Чат-ботқа қол жеткізу «Telegram» мессенджерінде «vko_urpag_bot» сілтемесі арқылы, сондай-ақ тиісті суретте орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.
