Бүгінде өңірімізде және қала аумағында алаяқтық қылмыстардың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың өсуі байқалуда. Алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккендердің саны күн сайын артып келеді.
Бұл жағдай өңір мен қаладағы әлеуметтік-саяси ахуалға әсер етіп, қоғамда наразылық пен мемлекеттік органдарға деген сенімсіздік тудыруы мүмкін.
Осыған байланысты интернет-алаяқтықпен күресу мақсатында өңірлік прокуратура «FradGuard» мобильді қосымшасын әзірледі.
Қазіргі уақытта бұл қосымшаны тек «Android» платформасындағы ұялы телефондарға орнатуға болады.
Қосымша фондық режимде жұмыс істейді және жүктелмес бұрын пайдаланушыны ықтимал алаяқтық сілтемелер, сайттар мен бағдарламалар туралы дереу ескертеді.
