05.11.2025 жылы полиция бөлімінің қызметкерлері «№10 орта мектеп» КММ-нің жоғары сынып оқушыларымен есірткіге тәуелділіктің алдын алу және есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында сонымен қатар оқушылардың мектептегі тәртібі, атап айтқанда — мүлікті бүлдіру, кіші сынып оқушыларынан ақша жинау сияқты құқыққа қарсы әрекеттер де талқыланды.
Кездесудің мақсаты — жасөспірімдердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
