«№10 орта мектебі» КММ—де ата-аналар чаттарында маңызды жадынама жарияланды:
«Баланың мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерді уақытында қалай байқауға және оған қалай қолдау көрсетуге болады»
Біз ата-аналарға балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерді қалай тануға, олардың эмоционалдық жағдайына дер кезінде назар аударуға және қажетті қолдау көрсетуге болатынын еске салдық.
Қамқорлық, көңіл бөлу және отбасындағы ашық диалог — баланың психологиялық саулығының негізі. Балаларымыз үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға бірге атсалысайық
