Қаламызда балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қауіпті нысандардың онлайн-картасы құрылды.
Картада ықтимал қауіпті орындар белгіленеді:
қараусыз қалған ғимараттар
ашық люктер
қауіпті балалар алаңдары
қауіп төндіретін басқа да нысандар
Қауіпті орындар туралы ақпарат Instagram-дағы ресми парақшада тұрақты түрде жарияланып отырады.
Қала тұрғындарын мұқият болуға шақырамыз!
Егер сіз қауіпті нысанды байқасаңыз, жедел шара қабылдау үшін бізге хабарлаңыз.
Ортақ мақсатымыз – балалар үшін қауіпсіз қала қалыптастыру!
