18 наурыз күні «№10 орта мектеп» КММ-де жоспарлы бракераждық комиссия отырысы өткізілді.
Комиссия құрамында мектеп директоры, әлеуметтік педагог, мектеп фельдшері және қамқоршылық кеңесінің мүшелері болды. Жұмыс барысында мектеп асханасындағы тамақ сапасына, санитарлық талаптардың сақталуына және жалпы тамақтандырудың ұйымдастырылуына бақылау жүргізілді.
Мұндай шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін, сапалы әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған.
Балалардың денсаулығы мен амандығы — біздің басты назарымызда!