3 сәуірде «№10 орта мектебі» КММ— де мектеп тәлімгері, ІІМ ардагері Н.Ф. Поветкина 8-сынып оқушылары арасында «Өзіңді және достарыңды қалай қорғауға болады» және «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыптарына сауалнама жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар жеке қауіпсіздік, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік туралы ойланды, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Осындай кездесулер құқықтық сауаттылықты қалыптастырып, өзіне деген сенімділікті арттыруға және айналадағы адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Өскелең ұрпақпен жүргізген маңызды әрі мазмұнды жұмысы үшін Наталья Фёдоровнаға алғысымызды білдіреміз!