28 қаңтарда «№10 орта мектебі» КММ-де Риддер қаласы ТЖБ ҚБ қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Ю.С.Коробейников «Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеті» тақырыбына дәріс өткізді.
Кездесу аясында 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысы да жүргізілді. Оқушыларға ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары түсіндіріліп, құтқарушы мамандығы мен ТЖМ жүйесіндегі қызмет мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді.
Кездесу танымды әрі пайдалы өтті