25 желтоқсан күні «Заң және тәртіп» акциясы аясында 8–11 сынып оқушыларымен кездесу-әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбы талқыланып, құқықбұзушылық үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Сонымен қатар қысқы демалыс кезеңінде жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.