Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

19 мамырда «№10 орта мектебі» КММ-де 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Заң және тәртіп» тақырыбына бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында Риддер қалалық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Р.О.Иргебаев  пен  Риддер қ. ПБ СБН ООБОП инспекторы М.С.Сагындыкова  кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы айтып өтті.
Н.Б.Акказинова  ата-аналарды мектепішілік бақылау мәселелерімен, «тәуекел тобы» оқушыларымен жүргізілетін жұмыстармен және мектептің алдын алу  қызметімен таныстырды.
Әлеуметтік педагог А.А.Гекман  әлеуметтік мәселелер бойынша сөз сөйлеп, тамақтандыруды ұйымдастыру, жазғы демалыс және сауықтыру лагері туралы ақпарат берді.
Ж.С.Рахимова  оқушылардың қорытынды аттестациясы мен емтихандары жөнінде ата-аналарды хабардар етті.
Мектеп директоры А.Ю.Кузнецова  келесі оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптарды еске салып, мектеп киім үлгісін сақтау, соның ішінде діни атрибутика мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара соңында мектеп өміріне белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.