«№10 орта мектебі» КММ-де 6 «Б» және 6 «В» сыныптарында «Заң және тәртіп» тақырыбына бірлескен бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында ата-аналарға негізгі құқықтық нормалар түсіндіріліп, балалармен тиімді қарым-қатынас жасау бойынша тәжірибелік ұсыныстар мен жадынамалар берілді. Әсіресе жауапкершілік, тәртіп және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ата-аналар жұмысқа белсенді қатысып, жағдаяттық тапсырмаларды орындады, маңызды сұрақтарды талқылап, кері байланыс көрсетті. Кездесу ынтымақтастық пен өзара түсіністік ортада өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Жауапты сынып жетекшілері: А.С.Баянбаева және М.Қ.Серікова
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, балаларымыздың тәрбиесіне бейжай қарамағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Жиналыс соңында ата-аналар отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Жауапты сынып жетекшілері: Баянбаева А.С. және Серікова М.Қ.
Балаларымыздың тәрбиесіне бейжай қарамай, белсенділік танытқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!