Заң және тәртіп
23 қаңтарда «Заң және тәртіп» бағдарламасы бағыты аясында
«Буллинг пен зорлық-зомбылық: қылмыстық жауапкершілігі қашан туындайды?» тақырыбына қалалық дөңгелек үстел өтті.
Қалалық мектеп командалары буллинг мәселесін құқықтық тұрғыдан қарастырып, нақты өмірлік жағдайларды талдады, құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын талқылады және пікірсайысқа белсенді қатысты. Талқылау мазмұнды, өзекті әрі танымдық деңгейде өтті.
Іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі - М.Э.Аргимбаев өткізді.
Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті, жауапты мінез-құлықты және өз әрекеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.