«№10 орта мектебі» КММ—нің 11-сынып түлектері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысты
Акция аясында оқушылар мектеп аумағына ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Бұл тек табиғатқа қамқорлық қана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастырудағы маңызды қадам.
Әрбір отырғызылған ағаш игі істердің және жарқын болашақтың символына айналсын
#ТазаҚазақстан