2026 жылғы 6 қаңтарда «№10 орта мектебі» КММ-де
«Сабақтың тиімділігі - мұғалім мен оқушы жетістігінің кепілі» тақырыбына интерактивті үлгіде педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес аясында
«III тоқсанның сын-қатерлері және олармен жұмыс істеу жолдары»
тақырыбына воркшоп ұйымдастырылып, педагогтер белсенді топтық жұмысқа қатысып, білім беру үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады.
«Түлектер» тобы - 9 және 11-сынып оқушыларын емтиханға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау.
«Мотивация» тобы - ең ұзақ әрі күрделі оқу кезеңінде оқушылардың қызығушылығын қалай сақтап қалу жолдары.
«Дарынды балалар» тобы - олимпиадалардың, байқаулардың көктемгі кезеңдеріне, МАБ және ҰБТ-ға дайындық.
«Үлгерімі төмен оқушылар» тобы - жартыжылдық қорытындысы бойынша қанағаттанарлық нәтиже көрсеткен оқушылармен жұмыс алгоритмі:
«Мұғалім - Оқушы - Ата-ана» өзара іс-қимыл жоспары.
Сондай-ақ «Оқу үдерісінде жасанды интеллектті пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері»
тақырыбына арналған жеке бөлім қарастырылды.
Педагогикалық кеңес ашық диалог, тәжірибе алмасу және оқыту сапасын арттыру мен әрбір оқушының табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шешімдерді іздеу ортада өтті.
Балаларымыздың табысты болашағы үшін - бірге жұмыс істейміз!