2026 жылғы 17 наурыз күні «№10 орта мектебі» КММ-де «Өрт» дабылы бойынша оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді.
Іс-шара төтенше жағдай кезіндегі оқушылар мен қызметкерлердің іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында ұйымдастырылды. Жаттығу барысында эвакуацияға дайындық деңгейі, іс-қимыл алгоритмін сақтау және ғимараттан жедел шығу тәртібі тексерілді.
Мұндай оқу-жаттығулар қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, кез келген төтенше жағдайға дайын болуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік — бәрінен маңызды!