Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

22 мамырда 4-сынып оқушылары Риддер қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына қызықты саяхат жасап қайтты. Сапардың басты мақсаты — туған өлкенің бай әрі ғажайып табиғатымен танысу болды.
Табиғат бөлмелерінде оқушылар Кенді Алтайдың флорасы мен фаунасын жақыннан тамашалады. Балалар жергілікті орман жануарлары бейнеленген экспонаттар мен диорамаларды үлкен қызығушылықпен зерттеп, сирек кездесетін өсімдік түрлері туралы мағлұмат алды және өңіріміздің ерекше табиғи ландшафтының қалыптасу тарихымен танысты.
Саяхат танымдық қана емес, өте әсерлі әрі көрнекі өтті. Экскурсия жетекшісінің қызықты әңгімесі оқушыларға туған табиғатты қорғау және  аялаудың маңызын терең түсінуге көмектесті.
Мұражайға саяхат балаларға жарқын әсер сыйлап, жаңа жаңалықтарға шабыттандырды!